BANNER

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

Egemen.kz

Елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Egemen.kz -ке сілтеме жасап. Президент тапсырмасымен биыл қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның жаңа редакциясында қазақ күресі олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен қатар басым спорт түрі мәртебесіне ие болды. Бұл оның болашақта халықаралық деңгейде дамуына серпін бермек.

14-15 тамыз күндері өтетін жаһандық додаға Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Тайланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла, Иран сынды елдердің әскери салада қызмет ететін балуандар күреседі. Чемпионаттың бағдарламасына сәйкес, спортшылар 16 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 8) бозкілемге шығады:

  • Ерлер: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі.
  • Әйелдер: 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 келі.

Қазақ күресінен әскерилер арасында өтетін тұңғыш әлем чемпионатында ел үмітін арқалап, Қарулы күштері мен Мемлекеттік күзет қызметінің таңдаулы балуандары шығадыды. Бұл чемпионатта ел намысын қорғайтын ұлттық құрама 2025 жылдың басында Алматы қаласында өткен әскери қызметшілер арасындағы іріктеу чемпионаты негізінде жасақталған болатын.