BANNER

Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Stan.kz

Мұны Алматы–Астана рейсіне мінген жолаушы Threads желісінде жазды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оның сөзінше, төтенше жағдай 12 тамыз күні Балқаш маңында ұшып бара жатқан кезде болған. "Мұндай сәтте жалғыз жүрген әлдеқайда жеңілірек болар еді. Себебі қасыңда балаң болса, оны қалай қорғайтыныңды ойлайсың", – деп жазды ұшақта 7 айлық қызы және кенже сіңлісімен бірге болған жолаушы. Турбуленттілік пен ұшақтың күрт төмендеуі кезінде бортсеріктер жолаушылардан үстелшелерін жинап, орындықтарды тіктеп, биік өкшелі аяқ киім мен әшекейлерін шешуді сұраған. Жолаушыларға қону кезінде соққы болуы мүмкін екені ескертілген. Сол сәтте адамдар жылап, жақындарына қоштасу хабарламаларын қалдырған. Ал ұшақ жолаушылардың бақытына қарай Алматыға сәтті қонған.