Қазыбек би ауданының әкімі қызметінен босатылды

ашық дереккөз

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Эльдар Серікұлы инстаграм желісінде жазды.

«Құрметті аудан тұрғындары! Мен берегн өтінішіме сәйкес,бүгін Қазыбек би атындағы аудан әкімі қызметінен босатылдым. Осы орайда маған қолдау көрсеткен әріптестеріме, туған өлкеміздің мәселелеріне немқұрайлы қарамаған тұрғындарға алғысымды білдіргім келеді. Баршаңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін»,-делінген жазбада.

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев 1981 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін және 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетін тәмамдаған. Біліктілігі бойынша тарих пәнінің оқытушысы, менеджмент бакалавры, халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектепте  мұғалім болып бастаған ол сол жылы мемлекеттік қызметке ауысқан. 2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді, онда жетекші маманнан бөлім меңгерушісіне дейінгі қызметтік жолдан өтті.

2010 жылдан 2014 жылға дейін орталық мемлекеттік органдарда және оның аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2022 жылдан осы уақытқа дейін Қазыбек би ауданы әкімі қызметін атқарды.