Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды

ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Депутаттарға Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов пен Асхат Берлешұлы Шахаровтың кандидатурасы ұсынылды.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 119 депутат Асхат Шахаровқа, 55 депутат Нұрлан Қызбергеновке дауыс берді. Жиналысқа барлығы 174 депутат қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Асхат Шахаровты Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.