Еліміздің сыртқы істер министрі ауысты

Ақорда сайты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымында қалса,  Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымын сақтап қалды.