Көлік вице-министрлері тағайындалды

Ашық дереккөз

Үкімет қаулысымен көлік вице-министрлері тағайындалды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мақсат Қайыржанұлы Қалиақпаров мен Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев көлік вице-министрлері, көлік министрінің бұйрығымен Ерболат Рахметұлы Мұқаев КМ аппаратының басшысы болып тағайындалды.