Нұрсұлтан Назарбаев демалыстан оралды

Ашық дереккөз

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан Қазақстанға оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Айтуынша, Назарбаев Түркияда демалысын туыстары мен жақындарының ортасында өткізген.

"Анонимді дереккөздердің түрлі қауесетіне қарамастан, тұңғыш президент демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен ешқандай кездесу өткізген жоқ", - деп жазды Үкібай твиттерде.