Биылғы жылы Қазақстанға турист ретінде, жұмыс визалары бойынша да келетін ресейліктердің саны артты. Сенат төрағасына бұл жағдайды реттеу жоспарланып отыр ма, жоқ па деген сұрақ қойылды.
– Егер Ресей азаматтары бізге келгісі келсе, онда біз бұл процесті шектей алмаймыз және олай жасамауымыз керек. Бұл жерде ешқандай сұрақ туындамауы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.
Егер Ресей азаматтары Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келсе, онда заң бойынша талап етілетін құжаттар пакетін ұсынуы тиіс.
– Осы құжаттар тізбесінің ішінде мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Біздің заңда осындай тармақ нақты көрсетілген. Егер оның мемлекеті елден кетуге рұқсат бермесе, онда Қазақстан ол азаматқа елде тұруға рұқсат бере алмайды, – деді Сенат төрағасы.