Жаңадан құрылған министрліктерді бөлу процесі қашан аяқталмақ

mail.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңадан құрылған министрліктерді бөліп шығару мен қаржыландыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Әзірге қаржыландыруға қатысты есептеулер атқарылмады. Жаңартылған Үкімет мүшелерімен алғашқы отырыс өтті. Оның барысында Жолдауды орындау бойынша тапсырмалар талқыланды. Жаңа министрліктерді бір айдың ішінде бөлеміз. Осы бағытта біраз процедураны іске асыру керек. Содан кейін қосымша шығындарды есептейміз», - деді Е.Жамаубаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, жақында Президент Жарлығымен, 5 жаңа министрлік құрылды, олар – Су ресурстары және ирригация министрлігі; Көлік министрлігі; Туризм және спорт министрлігі; Мәдениет және ақпарат министрлігі; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.