Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты

ашық дереккөз

Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).

Сот үкім шығару кезінде сотталушының оң қасиеттерін және асырауында үш кішкентай баланың болуын ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталмады. Мамай кінәлі деп танылды.

"Бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін - ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты өндіріс тоқтатылды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды - шартты түрде, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Алматы соты.