ДАВИД ДЕГТЯРЕВ - IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Туризм және спорт министрлігі

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 187 кг көтерді.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Цзинланг 185 кг, ал жүлдегерлер қатарынан көрінген вьетнамдық спортшы Ан Нгуйен Бинх 184 кг көтерді.

«Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның  соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.