BANNER

Еуро-2024: Англия құрамасы финалға шықты

Сурет: instagram.com/euro2024

Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Есепті ойынның жетінші минутында нидерландтық жартылай қорғаушы Хави Симонс ашты. Ал, 18-минутта ағылшын шабуылшысы Харри Кейн 11 метрлік айып добынан мүлт кетпей, таразы басын теңестірді.
Кездесу тең дәрежеде өрбіді. Қос құрама да өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда төреші бұл голды есепке алмады. Өйткені Кайл Уокер офсайдта қалып қойған болатын. Дегенмен ағылшындар өз дегеніне жетті. 90-минутта Олли Уоткинстің шірене тепкен добы Нидерланд қақпасынан табылды.
Енді Англия финалда Испаниямен кездеседі.
Еуро-2024 финалы 14-інен 15-інші шілдеге ауысқан түні өтеді.