BANNER

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

Сурет: instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турынан соң 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Біріншілік ережесіне сәйкес плей-оффқа әр төрттіктен алғашқы екі команда және үштікке енгендер арасында үздік көрсеткішке ие болған төрт команда жолдама алады.

Ливия құрмасын 4:1 есебімен жеңген Қазақстан «D» тобында төрт ұпаймен екінші орынға жайғасты. Енді үшінші тур нәтижесіне қарамастан Қазақстан құрамасы жарыс жолын жалғастырады.

Үшінші орын жолдамасына таласатындар арасында құрамамыз жоғарғы нәтиже көрсетіп тұр. Дәл қазір өз топтарында үшінші орында келе жатқан үш командада ғана ұпай бар, яғни бұл дегеніміз төртінші команда төрт ұпайдан артық ұпай еншілей алмайды деген сөз.

Шешуші тур алдында үшінші орында тұрған құрамалардың кестедегі жағдайы:

Ливия – 3 ұпай.

Украина – 3 ұпай.

Өзбекстан – 1 ұпай.

Хорватия, Тәжікстан, Гватемала – ұпай жоқ.