BANNER

Испания – төрт дүркін Еуропа чемпионы

Сурет: uefa.com

Германияда өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Финалда Испания құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Испания құрамасы сапында Нико Уильямс пен Микел Оярсабаль гол соқты. Ал, ағылшындар сапында Коул Палмер көзге түсті.

Айта кетейік, Испания құрамасы Еуропа чемпионатын өз тарихында төртінші рет (1964, 2008, 2012, 2024) жеңіп алды. Ал, Англия Еуро финалында қатарынан екінші рет жеңілді.