Ксения Балабаева - әлем чемпионы

Фото: fide.com

Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан өткен  әлем чемпионатында жерлесіміз Ксения Балабаева әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ол блиц  сайысында әлем чемпионы атағы үшін тағы бір отандасымыз Әмина Қайырбековадан басым түсті. Ксения рапидтен де құр қол қайтқан жоқ, финалға жетіп, күміс медаль олжалады. Зейнеп Сұлтанбек қола медальді еншіледі. Ерлер арасындағы сында Арыстан Исанжұлов та қола жүлде алды.