Рахмонов қатысатын UFC 296 турнирінің негізгі карды белгілі болды

sports.kz

Әлемдегі ең үздік промоушн 16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 296 турнирінің негізгі кардын жариялады. LIFE09 АА бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы (77 келіге дейін) британдық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонға қарсы шығып, атағын қорғайды. Тағы бір жекпе-жекте ең жеңіл салмақ дәрежесінде (57 келіге дейін) титул иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен кездеседі. Сондай-ақ, қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады.

Турнирдің негізгі карды:

Леон Эдвардс (Ұлыбритания) – Колби Ковингтон (АҚШ);

Алешандре Пантожа (Бразилия) - Брэндон Ройвал (АҚШ);

Шавкат Рахмонов (Қазақстан) – Стивен Томпсон (АҚШ);

Тони Фергюсон (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания);

Висенте Луке (Бразилия) - Иэн Гэрри (Ирландия).