BANNER

Бильярдтан Нұрмахан Оразбек атындағы облыстық турнир өз мәресіне жетті

Суреттер: Saryarqa Aqparat

Қарағандыда БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай бильярдтан облыс журналистері арасында Нұрмахан Оразбек атындағы аймақтық турнир ұйымдастырылды. «Saryarqa Aqparat» ЖШС-ның ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға аймақтағы БАҚ саласында қызмет ететін журналистер қатысты. Аталмыш турнирге «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, белгілі меценат, жақында ғана ҚР Журналистер одағының «Алтын медалімен» марапатталған Бекзат Алтынбеков демеушілік жасады.

турнир

Бұл турнир Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау әрі журналистер арасында бильярдты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Турнирге БАҚ саласының ардагерлері арнайы шақыртылды.

«Нұрмұхан Оразбеков 1988-1991 жылдар аралығында облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы болған. Сол уақытта «Орталық Қазақстан» газеті қарқынды дамып, үлкен өзгерістер орын алды. Әділетті адам. Мықты редактор. Қарымды қаламгер. Біз сол кісінің құрметіне кезекті рет облыстық деңгейде турнир өткізіп тұрмыз. Болашақта бұл турнир әрі қарай да жалғасын табады деп сенеміз», – деді «Saryarqa Aqparat» ЖШС директоры Қайрат Әбілда.

Бұл жарыста 1-орын Валерий Петуховқа,

турнир2-орын Михаил Бодажковқа,

турнир

3-орын Сүйіндік Жанысбайға бұйырды.

турнир

Сонымен қатар, турнир қатысушыларына Құрмет грамоталары табысталды. Жүлделі орын алған қатысушылар диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды.