«Астана» баскетболшылары өз тарихында алғаш рет «Самараны» жеңді

vtb-league.com

«Астана» баскетбол командасы ВТБ лигасы аясында өз алаңында тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Елордалық клуб турнирге былтыр қосылған «Самараны» жеңді.

Олег Киселев шәкірттері төрт кезеңде де қарсылас командадан басым түсті.

Қорытынды есеп: 83:66.

Кездесудің басты қаһарманы Карвел Андерсон болды.

Ол тағы да 28 ұпай жинап, 7 рет үш ұпайлық доп соқты.

Сондай-ақ, Ройс Хамм, Маркелл Джонсон және Девин Дэвис секілді баскетболшылар жүйелі ойын өрнегімен көзге түсті.

Енді астаналықтар 30 қарашада «Руна» клубымен, 3 желтоқсанда ЦСКА командасымен шеберлік байқасады.