«Барыс» магнитогорскілік «Металлургтың» 11 ойындық жеңісті сериясына нүкте қойды

hcbarys.kz

Астаналақ «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында өз айдынында Шығыс конференциясының көшбасшысы магнитогорскілік «Металлургты» ойсырата жеңді.

Бұл қос команда арасындағы 68-ші кездесу. 43 матчта «Металлургтың» мерейі үстем болса, 25 ойында елордалықтардың асығы алшысынан түскен.

Осы ойынға дейін магнитогорскілік клуб 11 кездесуде жеңіске жеткен. Биылғы маусым астаналық команда үшін сәтсіз өтуде. Соңғы 10 ойынның, тек үшеуінде ғана қарсыластарынан басым болды.

Алғашқы кезеңде бір ойыншы басымдығын сәтті жүзеге асырған алаң қожайындары есепте алға шықты. Екінші жиырма минуттықта тағы да сан басымдығын пайдалана білген елордалықтар есепті еселеді. Өз кезегінде «Металлург» та қарап қалмады, есеп айырмашылығын қысқарта білді. Алайда, қуаныштары ұзаққа созылмады. Қарсылас команда қақпасын дәл көздеген отандастарымыз кезекті рет екі шайба басымдығына ие болды. Осылайша, екінші кезең мәресіне жетті. Шешуші кезеңде «Барыстың» қос шайбасына, «Металлург» бір нәтижелі соққымен жауап берді. Қорытынды есеп: 5:2, «Барыстың» сенімді жеңісі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)

Шайбалар:

1:0 - Шестаков (Муратов, Савицкий) - 11:01

2:0 - Апальков (Оберг, Нургалиев) - 21:20

2:1 - Силантьев (Хабаров, Минулин) - 28:33

3:1 - Нұрғалиев (Апальков, Хенкель) - 35:32

4:1 - Өмірбеков (Ножье, Оберг) - 42:15

5:1 - Бекетаев - 49:26

5:2 - Михайлис (Юров, Орехов) - 54:15

Қақпашылар: Шутов – Набоков

Келесі кездесуін «Барыс» сырт алаңда өткізеді. Қарсылас – череповецкілік «Северсталь».

                                                                                                                                            Мирас СӘУЛЕХАН.