Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда футболды дамытуға бөлінген қаражаттың көлемі мен оның жұмсалуына қатысты мәселелерді ашып айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Футболға бөлінген миллиардтар қайда жұмсалды?
Сарқұловтың айтуынша, Қазақстан футболына соңғы жылдары 200 миллиард теңге бөлінген, оның басым бөлігі шетелдік легионерлердің жалақысына жұмсалған.
«Астана» футбол клубы:
Соңғы алты жылда клубқа «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 50 миллиард теңге бөлінген. Оның 60-70%-ы легионерлердің жалақысына кетсе, инфрақұрылымдық жобаларға қаржы жеткілікті көлемде бөлінбеген. «Астана» клубында кәсіби база мен инфрақұрылым жоқ. Бұл сұрақтар көпшілікті алаңдатуда», — деді Саркұлов.
«Барыс» хоккей клубы:
Соңғы алты жылда бұл клубқа 49 миллиард теңге бөлінген, алайда негізгі қаражат легионерлердің жалақысына жұмсалып, инфрақұрылым салынбаған.
Ұлан Сарқұлов спортқа бөлінетін қаражаттың басым бөлігін балалар спортына бағыттау керектігін айтты:
«Балалар спортына басымдық беру керек. Тек сол кезде ғана болашақта кәсіби спортшыларды даярлауға мүмкіндік туады».