BANNER

28 мың қазақстандықтың несиесі кешіріледі

-

28 мың қазақстандықтың микроқаржы ұйымдарына қарызы кешіріледі, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаттары нисиеге қатысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сауал жолдаған еді. Оған жауап берген агенттік төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Агенттік кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментіндегі 30 микроқаржы ұйымынан азаматтардың проблемалық микрокредиттерін төмендету жөніндегі жеке жоспарларын талап еткен.

2022 жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдары 33,1 миллиард теңге сомасына 432 мың қарыз алушының проблемалық берешегін қайта құрылымдауды жоспарлаған. Ал 107 мың қарыз алушының 0,8 миллиард теңгесі ішінара, ал 28 мың адамның несиесі толық кешіріледі,- дейді Нұрлан Әбдірахманов.

Агенттік өкілінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қазанына дейін микроқаржы ұйымдары 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешекті төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды. Оның ішінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша 66,4 мың қарыз алушының 585 миллион теңге берешегі, 756 миллион теңге тұрақсыздық айыбы толық және ішінара кешірілген.

4,8 миллион теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептен шығарыла отырып, 15,3 миллиард теңге сомаға 219,9 мың борышкердің микрокредиті қайта құрылымдалды. Агенттік жеке жоспарлардың орындалуын бақылауды жалғастырады,- дейді төраға орынбасары.