Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Семейлік полицейлер тұрғын үй ауласында болған көлік өртінің мән-жайын анықтады.
Тексеру барысында бейнебақылау камералары зерттелді.
Полиция мәліметінше, балалардың бірі сіріңкемен көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан.
Жалын тарала бастағанда қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Енді баланың ата-анасы автокөлік иесіне материалдық шығынды өтейді.