Абай облысында прокурорлар есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланылған 64 сайт пен Telegram каналын бұғаттады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері, әкімдік және волонтерлер арасынан мобильді топтар құрылып, наркограффитиді анықтау және бояу жұмыстарын жалғастыруда.
"Бүгінгі таңда 400-ден астам наркограффити боялып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша ҚК 299-1-бабымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салды.