Саран қаласында HOWO жүк және мамандандырылған техникаларын шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады. Жоба – әлемге танымал Sinotruk компаниясы мен отандық Saran Machinery компаниясының, Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылмақ. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құрылыс алаңында болып, жобаның маңыздылығын атап өтті:
«Құрметті жерлестер, бізде жақсы жаңалық бар! Саран қаласында HOWO техникаларын шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады. Бұл жоба мыңға жуық жұмыс орнын құрып, заманауи технологиялардың енгізілуіне және облысымыздың өнеркәсіптік дамуына ықпал етеді. Зауытта жылына 10 мыңға дейін техника шығару жоспарлануда. Мұнда Қазақстанда алғаш рет металды катафорездік өңдеу желісі орнатылады. Жаңа зауыт Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетінің тағы бір символына айналады» - деп хабарлады Ермағанбет Бөлекпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Зауыт іске қосылғаннан кейін:
• 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады;
• Жылына 10 000 техника өндіріледі;
• Қазақстанда алғаш рет катафорездік өңдеу технологиясы қолданылады.
Бұл жоба өңірдің өндірістік қуатын арттырып, отандық техниканы жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.