Синоптиктер 6, 7 және 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, 6 қаңтардан бастап Скандинавия аудандарынан келетін циклон еліміздің басым бөлігінің ауа райына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын болып, жел күшейіп, сондай-ақ, ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.
"Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста және солтүстік-батыста түнде 0-8 градус аяз, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.