BANNER

Алматы ең лас қалалардың рейтингінде көш басында жүр

Фото: Жасанды интеллект

Алматы қаласы әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің тізімінде төртінші орында, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингті нақты уақыт режимінде бүкіл әлем бойынша ауа сапасын бақылайтын швейцариялық IQAir компаниясы жасаған.

Бұл рейтинг жарияланған кезде тізімді Бішкек (Қырғызстан), одан кейін Киншаса (Конго ДР), үшінші орында Сараево қаласы (Босния және Герцеговина), одан кейін Алматы (Қазақстан) бастап тұр.

IQAir мәліметтері бойынша, Алматыдағы ауаның ластану индексі 183 баллға жетеді, бұл «зиянды» деңгейге сәйкес келеді.