BANNER

Алматы облысында зауыт маңынан әйелдің денесі табылды

Aikyn.kz

Алматы облысы Қызыл Қайрат ауылындағы жұмыс істемей тұрған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды. Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

"56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.