Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған - прокуратура.
Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин - Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.
Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.