BANNER

Астанада 19 жасар жігіт бір үйде тұратын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Фото:pixabay.com

Астанада 19 жасар жігіт бір үйді бірге жалға алып тұратын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Күдікті оңай олжасын ломбардқа өткізіп үлгерген, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жәбірленуші келіншек арызданған. Айтуынша, күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бір бөлмесінде, қалған бөлмелерде өзге жалға алушылар тұрған. Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыптылар құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Алматы» ауданы ПБ полицейлері ұрлықты аталған пәтерде тұратын көршілердің бірі жасағанын анықтады. 19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі-зайыптылардың жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды",-делінген Астана қалалық ПД мәліметінде.

Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.