Атырау облысында 2 жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан 2 көліктің жүргізшісі мен 1 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа қарағанда, жол-өклік оқиғасы бүгін, 27 қаңтарда болған.
– Күндізгі сағат 10:35 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 474-шақырымында Ravon және Lada Priora автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 жеңіл көліктің жүргізушілері мен Lada Priora автокөлігіндегі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Ал, 1 жолаушы Мақат аудандық орталық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр. Жол апатынан салдарынан Ravon көлігі өртеніп кеткен.
Ал, Lada Priora көлігінің жүргізушісімен бірге анасы мерт болған.