BANNER

Атырауда егіз қыз терезеден құлап кетті

Ашық дереккөз

Атырауда Нұрсая ықшамауданында егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Олар жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл осындай екі жағдай тіркелген. Үш бала әртүрлі дене жарақатын алған (2021 жылы – төрт жағдай, оның ішінде үш бала жарақат алды, екеуі қайтыс болды).

"27 маусымда сағат 22:10-да "Нұрсая" ықшамауданында ересектердің қарауынсыз (анасы көрші бөлмеде болған) торға сүйеніп отырған 2017 жылғы егіз қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Олар ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.