BANNER

Атырауда тергеу изоляторының қызметкерлері қателесіп жазасын өтемеген сотталушыны босатып жіберген

Фото: Google

 

Мерзімі аяқталған тұтқынның орнына басқа адам бостандыққа шығарылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұған себеп адамдардың тегі бірдей болған. Бостандыққа шығару құжаттарын рәсімдеу кезінде оған басқа адамның деректері енгізілген. Құжаттарға абақтының бірнеше басшысы қол қойғаннан кейін "жолы болғыш" сотталушы изолятордан шыққан. Қызметкерлер қатені анықтап, ер адам қайтадан изоляторға қайтарылды. ҚАЖД жағдайға қатысты ресми түсініктеме беруге уәде берді.