BANNER

Тікұшақты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің мәйіті табылды

Qazaqstan.tv

10 тамызда іздеу тобы экипаж командирі, майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың денесін тапқан болатын, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Ал 11 тамызда борт технигі, капитан Бақтияр Сәниоллаұлы Ержігітовтің денесі табылды. Бүгін командирдің көмекшісі, капитан Аман Нұрланұлы Амангелді анықталды. Үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектері, әріптестері арасында зор құрметке ие, әрдайым көмекке дайын, адал азаматтар болған. Қазіргі таңда апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.  Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, барлық қажетті көмекті көрсететінін хабарлады.