BANNER

Банктің басын қатырған Патрик

Фото: жоқ

1995 жылы Патрик Комбс есімді психолог-тренерге 95 093 долларлық чек келеді. Бұл әшейін жарнама үшін жасалған, заңдық қуаты жоқ чек болатын...

Елді ынталандырып, мотивация беру арқылы ақша тауып жүрген Патрикке бір қызық идея келеді. Ол бұл чекті банкке апарып, 95 093 долларды өз шотына аударуын өтінеді. Жарнамалық чек кәдуілгі чекке ұқсағанымен онда «жарамсыз» деген жазуы тайға басқандай ап-анық көрініп тұр еді. Банк қызметкерлері чекті үстел жанына сырғыта салып, Патрикті күліп шығарып салады.

Осымен оқиға бітті деп ойлайсыз ғой. Жоқ. Патрик заңға жүгінді. Америка заңы бойынша банк чекті қабылдаған соң Патрикке не ақша, не «чекті қабылдай алмайтыны жайлы» ресми хат беру керек-тін. Банк оның бір ишарасын да жасамады.

Әйткенмен, іс сотқа жеткен жоқ. Осы оқиғадан кейін дүйім Америкаға атағы жайылған Комбс мырза тренинг арқылы чектегі ақшадан да көп қаражат жинап, банкпен соттасудан бас тартты. Бұл Америка, Карл. Америкада заң сөйлейді.

 

Ақерке АЯНҚЫЗЫ