Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы оқырмандарына екінші қызы Айару Бақытбектің жоғары білім туралы америкалық дипломын көрсетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Былтыр жыл соңында 21 жастағы Айару Бақытбек қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол қорытынды емтихандарын тапсырып, АҚШ-тағы университетті сәтті аяқтағанын айтқан.
Күні кеше Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі 4 миллиондық аудиториясына Айарудың Лоң-Бичтегі Калифорния мемлекеттік университетінен алған дипломын көрсетті.
"Айарудың жоғары білім туралы дипломы. Махаббатым! Мақтанышым менің! Бақытым менің!" – деп жазды Баян қызына.
Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы Айарудың бала күнгі фотосын жариялап, оның үшінші қызы Алисаға ұқсайтынын атап өтті.