Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығында орман өрті тіркелді.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір тілсіз жауды сөндіруге ұлттық парктің және ТЖД-ның қызметкерлері жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде 18 маман, 5 техника және Ми-8 тікұшағы тартылуда.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жағдай тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты
Сурет: Life09