Былтыр ардагерлерге 16 миллиард теңгеден астам арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (30,6 миллион доллар) төленді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ал, биыл 17 миллиард теңге (32,5 миллион доллар) төленеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 120;
жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - 16 983;
басқа мемлекеттер аумағында әскери қимылдарда болған ардагерлер - 26 506;
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 41 594.
Ардагерлердің барлық санаттарына өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, республикалық бюджеттен ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, деп хабарлады еңбек министрлігі.
Сондай ақ ведомство төлемдер бойынша мәліметтерді жариялады:
ҰОС ардагерлеріне - 16 АЕК немесе 62 912 теңге (120,4 доллар).
Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
ҰОС кезеңінде жарақат, контузия алу, жарымжан болу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК немесе 27 875 теңге (53,3 доллар).
жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – 6,19 АЕК немесе 24 339 теңге (46,5 доллар).
Басқа мемлекеттердің аумағында әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер, оның ішінде:
Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқандарға – 6,19 АЕК немесе 24 339 теңге (46,5 доллар) алады.
Сондай-ақ Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан, тәжік-ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге - 4,8 АЕК немесе 18 874 теңге (36,1 доллар).
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2,13 АЕК немесе 8 376 теңге (16 доллар) беріледі.