BANNER

Биыл ауыл мектептері 515 автобуспен қамтылады

Фото: жоқ

Балалар жылы аясында ауыл мектептерінің паркі 515 автобуспен жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе, мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен қамтамасыз етіледі.

«Балаларды автобуспен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру әкімдіктерге бөлінеді. Министрлік мектеп автобустарымен қамтамасыз ету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Биыл өңірлер мектептерін балаларды тасымалдауға арналған жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады», - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі күні барлығы 1 000-нан астам мектеп автобусы қатынайды. Қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған жаңа автобустар сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.

«Балаларды тасымалдауда барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында министрлік сатып алынатын көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеп, белгіледі. Бұл 20-40 жергілікті автобус болуы керек, себебі ауылдарда көбіне жол жоқ. Онымен қоса, көліктер қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруды болдырмайтын жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық шығумен жабдықталуы керек. Сонымен қатар балаларды мектеп автобусымен тасымалдау кезінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер алып жүруі қажет», - деп толықтырылған хабарлама.