"Қазгидромет" синоптиктері 19 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, күндіз бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады.
Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с болады.
Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.
Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.