BANNER

Димаш Құдайберген 28 жасқа толды

Фото: жоқ

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітірді.

Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Алайда жас әншінің бағын Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық ән байқауы ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.

Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың "Мен әншімін" жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Сөйтіп 2017 жылы Димаш қытайлық жобада екінші орын алды.

Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкалық адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі бар. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Бүгінгі таңда миллиардтан астам тындарманы бар, әлемдік ареналарды бағындырып жүрген Отандасыиызға сәттілік тілейміз!