BANNER

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде

Фото: unsplash.com

Бүгін солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады оның әсерінен жауын-шашынды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болып, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстік-шығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде түнде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысында солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстігінде, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі, түнде солтүстікте, батыста, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде оңтүстікте, шығыста және таулы, тау бөктерінде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан облысының тауларында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.