BANNER

ЕРІКТІЛЕР « ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» АКЦИЯСЫНА АТ САЛЫСТЫ

LIFE09

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері Қарағанды облысы бойынша Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Таза су айдындары» акциясына қатысты.

Акцияға сондай-ақ, Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы, Қарағанды облысы бойынша экология департаменті, «Қарағанды су қоймалары өкілдері қатысты.

Экологиялық акция аясында қатысушылар «Федоровка» су қоймасының жағалау аумағын тұрмыстық және пластик қоқыстардан, су қойманы иесіз қалған аулардан тазартып, табиғатты сақтау мен қорғауға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқарды.

«Таза су айдындары» акциясы — табиғатты аялау, туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсарту жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Мұндай игі істер алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатын болады.