“Олар қызды ұрып-соғып, денесін темекімен күйдіріп, өзенге батырып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Қол-аяғын сүйгізуге мәжбүрлеген, сөйтіп мұның бәрін видеоға түсірген. Кейін осы бейнежазбалармен бопсалап, үш миллион теңге талап еткен. Олардың біреуі қыздың жігітіне жазғанын білген. Қыз университет жайлы сұрамақ болған. Сөйтіп оған сол жігіттің нөмірін берген. Ал әйел қызғанған”, – деп жазды Дина Таңсәрі.
Облыстық полиция департаменті қылмыстың болғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.