BANNER

Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады

Фото: жоқ

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz  тілшісі.

Ведомство мәліметінше, арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

Осылайша Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

- Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

- Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Есіл" аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Байқоңыр" ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілген.