Исламтанушы : Tik Tok батл кедейлікке жетелейді

Ашық дереккөз

Қазіргі таңда әлеуметтік желілірде әсіресе Tik Tok желісінде донат жинау үшін тікелей эфирлерде батлға түсетіндер саны көбейген. Донат дегеніміз әлеуметтік желіде берілетін ақша десек, оны жинап, кейін шығарып алуға болады. Донат жинауды негізгі табыс көзіне айналдырғандар да аз емес. Бірі ақша табу үшін тікелей эфирге кіріп, өз өнерін көрсетсе, бірі бал ашады, бірі жоғарыда айтқандай батлға түседі.

Осы орайда жақында әлеуметтік желіде исламтанушы Абылай Кенжалынын видеосы кеңінен тарады. Исламтанушының айтуынша, бұл - кедейлікке бастайтын жол.

«Батлдарды көрем. Роза жібер, бір нәрсе жібер деп сұрап отырады. Ақшаны ашық түрде сұрайды. Қайыр сұраудың заманауи түрі деп айтса болады. Алла тағаладан жеткен бір хадис бар. «Егерде құлым өзіне қайыршылық есігін ашатын болса, мен оған кедейліктің жетпіс есігін ашып қоямын»,- деген. Сен өзіңе қайыршылық есігін аштың, саған кедейліктің жетпіс есігі ашылды. Дәл қазір байып кетерсің, бірақ ертең 1-2 жылдан кейін жағдайыңнын не болатынын білмейсің. Үйленесің. Балаң ауру болып туылуы мүмкін. Ол да кедейшілік. Сен рухани кедей боласың. Ертең саған қалай зиянын тигізетінін білмейсің»,- дейді исламтанушы.

Сондықтан әлеуметтік желіде батлға түсіп, донат жинар алдында жақсылап ойланыңыздар!