Қарағанды облысында өткен тәулікте 46 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды saryarqanews.kz сайты.
Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте Қарағанды облысында тағы 46 жаңа жағдай тіркелді.
Жалпы еліміз бойынша өткен тәулікте індет жұқтырған 483 адам тіркелді. Коронавирус індеті басталғалы бері Қазақстанда барлығы ауырғандар саны 990 039, Қарағанды облысында 109 923 адамға жеткен.
Ал өткен тәулікте облыстың 50 тұрғыны COVID-19 инфекциясынан жазылып шықты, ал Республика бойынша сауыққандар саны 403 адамды құрайды.
Қауіпті індет басталғалы елімізде айыққандардың жалпы саны – 962 209, Қарағанды облысында – 103 318.