BANNER

Қарағанды облысының 500-ден астам педагогы Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған құрылтайға қатысты

Фото жүктелмеген

Қарағандыда қазақ тілі білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын мерекелеу бойынша облыстық іс-шаралар басталды. Олардың алғашқысы ұлт мұғалімінің мерейтойына арналған «Алаштың Ахметі» құрылтайы болды.

Шараға мектеп басшылары, педагогтар, ахметтанушылар мен алаштанушылар қатысты. Онлайн-режимде облыстың 500-ден астам мұғалімі қосылды.

Құрылтайда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы еңбектер таныстырылды. Кейіннен олар білім беру ұйымдарындағы сабақтарда пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, қоғам қайраткері, саяси публицист, түркітанушы және ақынның мерейтойына арналған алдағы іс-шаралар талқыланды. Олардың арасында қыздар мен ұлдар арасында баскетболдан жарыс, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқу, «Ахмет бізбен!» онлайн-викторина және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің съезі жоспарланған.

– Мамыр айында Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептердің бірі ақынның туған жеріне экспедиция ұйымдастырады – Бұл Қостанай облысындағы Ақкөл ауылы. 14 сәуірде Қарағанды қаласының білім бөлімі Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы тақырыбында форум өткізеді. Оған Қостанай облысынан қонақтар шақырылады, – деді Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Бақытгүл Әбдікерова.

Қазақ ақыны мен ағартушысының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында білім басқармасымен облыстың Ахмет Байтұрсыновтың есімімен аталатын бес мектебімен альянс құрылды. Олар жыл соңына дейін түрлі бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Ал желтоқсан айында ғылыми-практикалық конференцияда қорытынды жасалады.