BANNER

Қарағандылық студенттердің мәдениеттану бойынша зерттеулері Прагадағы конференцияда үздік деп танылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Чехия астанасы Прагада "Ғылым мен білім берудің қазіргі даму тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. "Мәдениеттану" бағыты бойынша өз зерттеулерін Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тау-кен факультетінің студенттері, "Балауса" студенттік клубының мүшелері ұсынды. Нәтижесінде жұмыстар үздік деп танылып, дипломдармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен Дарья Кормилицына және Алина Кобякова марапатталды. Маржан Нұржан мен Адия Тохметова II дәрежелі диплом алды.

Ғылыми жетекші – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Евгения Ивлева.

Студенттер өз жұмыстарында мұражайлардың қоғам үшін рөлін, мәдени бірегейлікті қалыптастыруды талдады. Сондай-ақ, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлардың мәдениеттің дамуына әсері қарастырылды.

Ә. Сағынов атвндағы ҚарТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Қарағанды облысының әкімдігі