Талғарда түнде пышақпен адамды қуған, төбелес ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам көшеде төбелес шығарған. Олардың бірінің қолында пышақ болған. Ол "Қарныңды ақтарамын!" деп айғайлаған. Осы кезде бір әйел оларды ажыратуға тырысты.
Талғар ауданының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды тез арада анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.
"Ауданның 37 және 31 жастағы тұрғындары полицияға жеткізілді. Жанжалға туыстары, әйелдің ағасы мен күйеуі арасындағы жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта жанжалдасып жатқан тараптардың бір-біріне қоятын талаптары жоқ, жағдай реттелді", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.