BANNER

Картоп қуырмақ болған Көкшетау тұрғыны көз жұма жаздады

Фото: видео скрин

Көкшетаудағы жатақханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

13 тамыз күні төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Көкшетаудағы жатақханалардың бірінде төртінші қабаттың терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің күштері жіберілді.

"Оқиға орнына барған құтқарушылар терезесінен түтін шығып жатқан жатақхана бөлмесінің есігі жабық екенін анықтады. Есікті ашқан соң түтіннің шығуына тамақтың жануы себеп болғаны, ал бөлме иесінің ұйықтап қалғаны анықталды. Құтқарушылар оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.